Геометрия

Геометрия- нүкте, түзу, үшбұрыш, шеңбер, кесінді және тағы да сол сияқты геометриялық объектілерді зерттейтің ғылым.

Геометрия сөзі гректің “гео”- жер және “метрия”- өлшеу деген сөздерден шыққан.

Яғни геометрия сөзі “жерді өлшеу” деген мағына береді. Бұндай атау геометрия ғылымының соңау біздің заманымызға дейінгі ғасырларда жер телімдерің, үлкен зәулім сарайлар мен ғибадатғаналарды салу кезінде қолданғандығымен байланысты.

Мәселен ұлы Мысыр пирамидаларының ең ірісі Гиза пирамидасын салған кезде, геометриялық есептеулер ауқымды жүргізілді.

Ұлы Гиза Пирамидасы

Қазіргі заманда геометрия ғылым мен техниканың сан алуан салаларында қолданылады, және алгебра мен математикалық талдаумен қатар, математиканың ең іргелі салаларының бірі боп есептелінеді.

Сабақтар
Яндекс.Метрика
Мектеп оқушыларына арналған tendey.kz математикалық сайты. Сайт визитка сделана в AlmatySite.kz