Пифагор теоремасы

Бір бұрышы 900 болатын үшбұрышты тік бұрышты үшбұрыш деп атайды:

тік үшбұрыш

Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы (90-тық бұрышқа) қабырғасы гипотенуза, ал қалған екі қабырғалары катеттер деп аталады:

 

катет пен гипотенуза

Тік бұрышты үшбұрыштар үшін Пифагор теоремасы орынды:

Пифагор теоремасы.

Катеттердің квадраттарының қосындысы гипотенузаның квадратына тең.

Бұны схема түрінде былай көрсетуге болады:

Пифагор теоремасы

 

                       

                   c2=a2+b2

 

 

Мысалы тік бұрышты үшбұрыштың бір катеті 3, екінші катеті 4 тең ал гипотенузасы белгісіз болсын:

Пифагор теоремасының мысалы

Пифагор теоремасы бойынша

c2=32+42,

c2=25,

осыдан c=5.

Жаттығу.

Тік бұрышты үшбұрыштың бір катеті 5-ке екінші катеті 12-ге тең болса гипотенузасы неге тең?

Сабақтар
Яндекс.Метрика
Мектеп оқушыларына арналған tendey.kz математикалық сайты. Сайт визитка сделана в AlmatySite.kz