Теңсіздік
a санының b санынан үлкен (кіші) екендігін көрсету үшін a>b (a<b) жазамыз.
Мысалдар.
5>2, 3>0, 7<9, 100<150, -2>-3
Үлкен >, кіші < белгілерімен қатар үлкен не тең ≥ және кіші не тең ≤ деген белгілері қолданылады.
a ≥ b (a ≤ b) деген белгілеуі a санының b санынан үлкен (кіші) не оған тең болуын көрсетеді.
>, < , ≥ , ≤ белгілері теңсіздік белгілері деп аталады.
Өрнектің сол және оң жағы теңсіздік белгісімен байланысса онда бұндай өрнекті теңсіздік деп атаймыз.
Теңсіздіктердің қасиеттері:
1). a > b, c > d болса онда a+c > c+d.
Мысалы 7 > 5, 3 > 2 соңдықтан 7+3 > 5+2.
2). a ≥ b, c ≥ d болса онда a+c ≥ c+d.
3). a > b болса онда –a < -c.
Мысалы 2>1, -2<-1.
4). a ≥ b болса онда –a ≤ -c.
5). a > b болсын, k саны оң болса онда k · a > k · b, k саны теріс болса онда k · a < k · b.
Мысалы 3 > 2, 4·3 > 4·2, -4·3 < -4·2.
6). a ≥ b болсын, k саны оң болса онда k · a ≥ k · b, k саны теріс болса онда k · a ≤ k · b.
Келесі сабақтарда белгісізі бар теңсіздіктерді шешу жолдарын қарастырамыз. Мысалы 2x+1>3 типті теңсіздіктерін.