Пифагор теоремасы формуласы. Пифагор теоремасына мысалдар

Тік бұрышты үшбұрыш берілсін. Ол бір бұрышы 900 тең болатыны. Мысалы бір катеті 3 см, екінші катеті 4  см тең болсын:

Пифагор теоремасының мысалы

Осының c гипатенузасы белгісіз. Пифагор теоремасы бойынша ол былай есептелінеді екен:

c2 = 32 + 42

c2 = 25

c =5

Демек осы үшбұрыштын гипатенузасы 5 см тең.

Бір бұрышы 900 болатын үшбұрышты тік бұрышты үшбұрыш деп атайды. Ол мынандай:

тік үшбұрыш

Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы (90-тық бұрышқа) қабырғасы гипотенуза, ал қалған екі қабырғалары катеттер деп аталады:

катет пен гипотенуза

Тік бұрышты үшбұрыштар үшін Пифагор теоремасы орынды.

Пифагор теоремасының формуласы

Катеттердің квадраттарының қосындысы гипотенузаның квадратына тең.

Бұны схема түрінде былай көрсетуге болады:

Пифагор теоремасы

c2=a2+b2

Жаттығу

Тік бұрышты үшбұрыштың бір катеті 5-ке екінші катеті 12-ге тең болса гипотенузасы неге тең?

Геометрия ғылымы

Автор: Жандос Көксу

Сұрақ қою