Үшбұрыш деген не? Үшбұрыштың периметрі, үшбұрыштың ауданы

Үшбұрыш деп бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және оларды қосатын үш кесіндіден құралатын тұйық геометрикалық фигураны атайды:

үшбұрыш

Үшбұрыштың периметрі

Үшбұрыштың p периметрі деп оның (үшбұрыштың) қабырғаларының ұзындықтарының қосындысын атаймыз:

үшбұрыштың периметрі

 

p=a+b+c

 

Мысалы a = 2 см, b = 5 см ал c = 7 см болса осы үшбұрыштың периметрі неге тең? Осыны есептейік.

p = a + b + c

p = 2 + 5 + 7

p = 14 см. Жауабы үшбұрыштың периметрі 14 см.

Егер a = 3 см, b = 4 см ал c = 5 см болса үшбұрыштың периметрі нешеге тең? Есептеп беріңіз.

Үшбұрыштың ауданы

Үшбұрыштың S ауданы оның (үшбұрыштың) бір қабырғасының ұзындығының осы қабырғаға түсірілген биіктіктің көбейтіндісінің жартысына тең:

үшбұрыштың ауданы

S=1/2aha мұндағы a -үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы, ha -осы қабырғаға түсірілген биіктік.

Үшбұрыш геометрияның негізгі фигураларының бірі. Осы тақырыпқа қатысты өзге сабақтар да бар. Мысалы Пифагор теоремасы бар. Оған қоса синус, косинус дегені де бар. Бұларды оқып есептерін шығарындар. Себебі көп есеп шығарған адам тестілеу мен емтиханда жоғары бал ала алады.

Геометрия ғылымы

Автор: Жандос Көксу

Сұрақ қою