Оқиға ол күнделікті өмірде орындала беретін (орындалуы мүмкін) дүниелер. Мысалы желдің соқанны, жаңбырдың жауғаны, аяздың күшейгені, күннің батқаны, бағаның артқаны, мектеп оқуының басталғаны, сіз сүйген адамның келгені, оттың жаңғаны және тағы басқалар.
Оқиға ол не болатын не болуы мүмкін бір өзгеріс. Негізі бәріне белгілі емес пе оқиғаның не екені. Мысалы Құранда Қиямет күні оқиғасы дегені бар. Ол күнде жер бетін от басады, күн батыстан шығады, адам тірлігі есепке алынады деп жазылған. Жер беті күнасы мол адамдар үшін тозаққа айналады деп жазылған. Құдай оларды кешірмесе. Жер беті ол күні шамамен осындай болады деп Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының сайтында жазылған:
Қиямет оқиғасы қашан болады?
Ол қашан болады? Бір құдайға мәлім. Ертең Қиямет күні бола ма? Ол белгісіз. Болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Осындай оқиғаларды кездейсоқ оқиғалар деп атаймыз. Кездейсоқ деп бола алатын барша оқиғаларды атаймыз.
Оқиғалардың қосындысы
Желдің соқаның A оқиғасы деп атайық. Ал жаңбырдың жауғаның B оқиғасы деп белгілейік. Демек A = "Желдің соққаны", B = "Жаңбырдың жауғаны". Осы екі оқиғаның ең болмағанда біреуі орындалуы мүмкін. Мысалы сағат алтыда жел соқты. Не сағат алтыда жаңбыр жауды. Демек не A не B оқиғасы орындалды.
Екеуі бірге орындалуы да ғажап емес. Мысалы сағат алтыда қатты жел соғып артынан нөсер жаңбыр жауды. Жазда бұндайды жиі көреміз.
Осыны A және B оқиғаларының қосындысы деп атайды. Және A + B деп белгілейді. Яғни A не B болмаса екеуі бірдей орындалуы A + B қосындысы болады. Қосындыны A∪B деп те жазады.
Оқиғалардың қиылысуы не көбейтіндісі
Бір мысал ол теңге мен сомның арзандауы. Теңге тым көп арзандаса оны Қазақстандағы девальвация деп атайды. Мысалы 2020 жылы теңгенің долларға шаққандағы курсы шамамен 380 болды. Пандемия басталып ол 450 шамасына дейін көтерілді.
Қырғызстанда да осындай жағдай орын тепті. Сомның долларға шаққандағы курсы пандемияға дейін 69 болса кейін 85 шамасына дейін көтерілді. Демек осы жерде A оқиғасы теңгенің арзандауы ал B оқиғасы сомның арзандауы болса олардың қиылысуы деп екі оқиғаның бірдей орындалуы болады. Және AB не A∩B деп белгілейді.
Сонымен, екі оқиғаның ең болмағанда біреуінің орындалуы қосынды. Ал екеуінің бірге орындалуы көбейтіндісі деп аталады.