Факториал деген не?

Факториал деген не? Бірдің факториалы ол 1. Екінің факториалы 1*2 = 2. Үштің факториалы 1*2*3 = 6. Төрттің факториалы 1*2*3*4 = 24.

Сіз бестің факториалын есептей аласыз ба? Ол нешеге тең? Алтының факториалы шы?

Жалпы бүтін n санның факториалы мына формула арқылы есептелінеді:

1*2*3*...(n-2)*(n-1)*n

Факториалды n! деп белгілейді. Мысалы 1! = 1, 2! = 2, 3! = 6. Демек мына формула орынды:

n! = 1*2*3*...(n-2)*(n-1)*n

Көріп тұрғандай сан өскен сайын оның факториалы тым тез өседі. Жаттығы ретінде 1 бастап 8 дейінгі сандардың факториалдарын есептеп қойындар.

Ескерту

0 факториалы 1 деп саналады. Яғни 0! = 1.

Мектептің алгебра курсы!

Автор: Жандос Көксу

Сұрақ қою