Геометриялық прогрессия деген не? Геометриялық прогрессия формуласы

Геометриялық прогрессия деген не? Мысалы 2, 4, 8, 16 сандар тізбегі геометриялық прогрессия болады. Байқасаңыз 2 = 2*1, 4 = 2*2, 8 = 4*2, 16 = 8*2. Демек әрбір мүшесі 2 есейе береді. Тағы бір мысал 10, 100, 1000, 10000, 100000. Демек бірінші мүшесі 10, екіншісі 10*10 = 100 үшіншісі 100*10 = 1000. Осы жерде 10 көбейе береді.

Бірінші мүшесі b1, екінші мүшесі b2 = b1 · q, үшінші мүшесі b3 = b2 · q ,…, n-ші мүшесі bn=bn -1 · q болатын сандар тізбегі геометрикалық прогрессия деп аталады.

Мұндағы q -тұрақты сан.

Геометриялық прогрессияға мысалдар

a) 1, 2, 4,… сандар тізбегі геометрикалық прогрессияны құрайды.

Бұнда b1=1, b2=2, b3=4, q=2. Шынымен де b1=1, b2=b1·q=2 · 1=2, b3=b2·q =2 · 2=4.

Бұл прогрессияның жалпы заңдылығы bn=bn-1 · 2.

b) 3, 3/10, 3/100,… сандар тізбегі геометрикалық прогрессияны құрайды.

Бұнда b1=3, b2=3/10, b3=3/100, q=1/10. Шынымен де b1=3, b2=b1 ·q=3 · 1/10=3/10, b3=b2 ·q=3/10· 1/10=3/100.

Бұл прогрессияның жалпы заңдылығы bn=bn-1·1/10.

Геометрикалық прогрессия мүшелерінің қасиеттері

a) bn2=bn-1·bn+1

b) bn2=bn-k·bn+k , k ≤ n

Sn символымен геометрикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысын белгілейік.

Яғни Sn=b1+b2+…+bn

Мысалы

Жоғарыдағы 1, 2, 4,… геометрикалық прогрессия үшін S1=1, S2=1+2=3, S3=1+2+4=7.

Тұжырым

Sn={{b_1}{(1-{q^n})}}/{1-q}

Егер |q|<1 болса онда S=lim{n right infty}{S_n}=b1+b2+…+bn+…+ шегі бар болады әрі S={b_1}/{1-q}

Геометриялық прогрессия формуласы осы. Sn табу үшін сонғы формуланы еске сақтап қойындар. Емтихан мен тесттілеуде ол жиір кездеседі.

Жаттығулар

a) 6, 12, 24,… прогрессиясының S2, S4 -ді есептеніз;

b) b1=3, b2=9, b3=27 болса S4 неге тең?

Мектептің алгебра курсы!

Автор: Жандос Көксу

Сұрақ қою