Интервал деген не? Интервал деп екі нүктенің арасында жатқан барша нүктелер жиының атайды. Мысалы [ 1; 2 ] интервалы 1 ден 2 дейін барша нақты x сандардан тұрады. Осы x мына шартты қанағаттандырады:
1 =< x =< 2
Осы интервал жабық не кесінді деп аталады. Жабық интервалға мынау жатады - [2; 3]. Ол қандай теңсіздікті қанағаттандыратын x-терден құралған? (жоғарыдағыдай жазып беріңіз)
Ашық интервал
Ашық интервал ол шекті нүктелері енбейтіні. Мысалы былай 3 < x < 5. Оның шеттерін домалақ жақша арқылы бейнелейміз:
( 3; 5 )
Жартылай ашық интервал
Егер интервалға оның бір шеті еніп екіншісі енбесе ол жартылай ашық делінеді. Мысалы былай 4 =< x < 7. Оны былай белгілейміз:
[ 4; 7 )
Жартылай ашық интервалдарға мыналар мысал бола алады: [ 5; 7 ), ( 2; 7 ], ( 9; 19 ], [ 0; 3 ).
Жартылай шексіз интервал
Жартылай шексіз интервал деп бір шеті шексіздікке (оң не теріс) дейін созылғаның айтады. Мысалы [1; +∞). Ол мына шартты қанағаттандыратын нүктелерден құралған:
1 <= x < +∞
Бір шеті теріс шексіздік болса оны былай жазады - (-∞; 2). Ол мына шартты қанағаттандыратын барша x нүктелерден құралған:
-∞ < x < 2
Сонымен жартылай шексіз интервалдың бір шеті шексіздік болады. Мына (1; +∞) интервалына тиісті нүктелер қандай теңсіздіктерді қанағаттандырады?
Шексіз интервал
Шексіз интервал деп мынаны айтады - (-∞; +∞). Яғни шексіз интервалға барша нақты сандар тиісті.