Модуль немесе абсолюттік шама

Модуль дегеніміз не? Мысалы 10 деген санның модуль өзіне, 10 тең. Ал -5 деген теріс санның модулі 5 тең. Модульді былай жазады:

|10| = 10

|-10| = 10

|-5| = 5

Модульдің аңықтамасы

a нақты санының |a| абсолюттік шамасы немесе модулі деп мына теңдікпен аңықталатың санды атайды:

модуль

Модульге мысалдар

|-10|= -(-10) =10, |7|= 7

Модульдің қасиеттері

Кез келген a және b нақты сандары үшін мына формулалар орынды:

a) |a+b| ≤ |a|+|b|

Мысалы |3 - 2| =< |3| + |2|

|3-2| = |1| = 1

|3| = 3

|2| = 2

1 <= 3 + 2

1 <= 5

b) санның модулі мұндағы b ≠ 0

c) |a-b| ≥ |a|-|b|

d) |ab|=|a| |b|

Жаттығу

a)-d) формулаларын өз бетімен дәлелдеңіз.

Мектептің алгебра курсы!

Автор: Жандос Көксу

Сұрақ қою