Төртбұрыш пен оның аудандарың есептейтің формулалар

Төртбұрыш деп үш нүктесі бір түзудің бойында жатпайтын төрт нүктеден және оларды қосатын кесінділерден тұратын тұйық фигураны атайды.

Мысалы.

төртбұрыш

Төртбұрыштардың түрлері сан алуан, солардын ең көп зерттелетіні тіктөртбұрыш, параллелограмм және трапеция.

Тіктөртбұрыш

Тік төртбұрыш деп барлық бұрыштары тік (900 градусқа тең) болатын төртбұрыштарды атаймыз:

Тіктөртбұрыш

Тік төртбұрыштың p периметрі p=2(a+b)-ке ал S ауданы S=a b-ға тең.

Параллелограмм

Параллелограмм деп қарама-қарсы қабырғалары параллель болатын төртбұрышты атаймыз:

 

Параллелограмм

Параллелограммның қарама-қарсы қабырғалары тек қана параллель болмай сонымен қатар тең де болады.

Параллелограммның S ауданы S=ha a не S=a b sinα формулалары арқылы есептелінеді:

Параллелограммның ауданы

Трапеция

Трапеция деп екі қарама-қарсы қабырғасы параллель ал басқа қарама-қарсы қабырғалары параллель болмайтын төртбұрышты атаймыз:

трапеция

Трапецияның S ауданы S=Төртбұрыштар h формуласымен есептелінеді:

трапецияның ауданы

Мектептің алгебра курсы!

Автор: Жандос Көксу

Сұрақ қою