Шеңбердің қақ ортасында бір нүкте бар. Оны шеңбер центрі деп атайды:
Осы шеңбер центрінен оның периметріне дейін ұзындықты радиус деп атайды. Радиус деген не? Ол ішкі центрден сыртқа созылған кесінді.
Радиус формуласы
Шеңбер ұзындығын P деп белгілесек ол радиуспен мына формула арқылы байланысады:
P = 2πR
Мұндағы π шамамен 3,14 тең сан. Оны пи саны деп атайды. Сонымен радиус формуласы мынандай болады:
R = P/2π
Мысалы радиус 10 сантиметрге тең болса шеңбер ұзындығы қандай? Ол жоғарыдағы формула арқылы табылады:
P = 2πR = 2*π*10 = 2*3,14*10 = 62,8
Демек шеңбер ұзындығы 62,8 сантиметр. Сіз жаттығу ретінде радиусы 15 сантиметр болатын шеңбердің ұзындығын есептеп көріңіз.
Диаметр деген не?
Диаметр деген не? Ол шеңбердің ортасы арқылы өтіп оның периметріне дейін жететін кесінді. Диаметр суреттер көрінің тұрғандай екі радиуске тең:
D = 2R
Осыны диаметр формуласы деп атайды. Оны еске алып жүріндер. Радиус диаметрден екі есе аз болғандықтан шеңбер ұзындығын былай да жаза аламыз:
P = 2πR = πD
Егер диаметр жиырма алты метр болса осы шеңбердің ұзындығы қандай болады?