Тәжірибе нәтижесінде кездейсоқ шаманың пайда болған мәндерін өлшейді. Мысалы ауа температурасын 12-18 сағат арасындағы мәндерін былай көрсете аламыз:
Температура | +15 0C | 16 0C | +18 0C | +23 0C | +23 0C | +18 0C | +17 0C |
Уақыт | 12:00 | 13:00 | 14:00 | 15:00 | 16:00 | 17:00 | 18:00 |
Осыны былай да жаза аламыз:
X | 15 | 16 | 18 | 23 | 23 | 18 | 17 |
n | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
Соңғы кестені статистикалық қатар деп атайды. Ол X кездейсоқ шаманың пайда болған ретпен жазылуынан құралған.
X кездейсоқ шамасы k рет өлшенсін. Осы өлшеу нәтижесінде X шамасы x1, x2, ..., xk мән қабылдасын. Статистикалық қатар деп мынандай кестені атайды:
X | x1 | x2 | ... | xk |
n | 1 | 2 | ... | k |
Вариациялық қатар
Температурасы бар кестедегі бірдей элементтерді біріктіруге болады. Мысалы 18 мен 23 градус екі рет кездеседі. Және X кездейсоқ шамасының өсу ретімен орналастыра аламыз:
X | 15 | 16 | 17 | 18 | 23 |
n | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 |
Осыны вариациялық қатар деп атайды. Ол кездейсоқ шаманың өсу ретімен құралған қатар. Және пайда болу саны n бірдей X үшін біріктіріледі.
X кездейсоқ шамасының пайда болу саның жиілігі деп атайды. Демек n дегеніміз жиілік болып табылады. 15 градус бір рет пайда болды. Демек оның жиілігі 1 тең. Ал 23 градус екі рет демек оның жиілігі 2 тең.
Салыстырмалы жиілік
Кездейсоқ шама мәндерінің жиіліктерінің қосындысы N белгілі.
Бізде N = 1 + 1 + 1 + 2 + 2
N = 7
Енді жоғарыдағы кестедегі жиіліктерді осы санға бөлеміз:
X | 15 | 16 | 17 | 18 | 23 |
w | 1/7 | 1/7 | 1/7 | 2/7 | 2/7 |
Осы пайда болған w шамасын салыстырмалы жиілік деп атайды. Оны табу үшін барша ni қосамыз да сол санға жиіліктерді бөле саламыз.