Екі оқиға бар болсын. Мысалы A деп ойын сүйегінің жұп боп түсу ұпайларынан ал B екіге тең боп түсуін белгілейік. Демек A = { 2, 4, 6 } және B = { 2 }. A - B айырымын қалай аңықтай аламыз? Алгебрада екі санның айырымы деп бірінші саннан екінші санның алынуын атайды.
Оқиғалар теориясында айырымды құру үшін біріншіден A мен B ортақ элементтері табылады. Бізде { 2, 4, 6 } мен { 2 } ортақ элемент бар. Ол 2. Енді осы 2 деген элементті A аламыз. Сонысы екі оқиғаның айырымы болады:
A - B = { 2, 4, 6 } - { 2 } = { 4, 6 }
C = { 1, 2, 3, 4 } және D = { 1, 2 } болса C - D неге тең?
Оқиға айырымының аңықтамасы
Екі оқиға бар болсын. Мысалы A мен B. Осы екі оқиғаның айырымы деп біріншіде бардан екіншілерін алу:
Және оны A - B не A \ B деп белгілейді. Егер A мен B ортақ элемент жоқ болса A - B = A тең болады. Осыны дәлелдеп көріңіз.