Оқ нысанаға тиді. Оның мына секторға тию ықтималдылығы қандай:
Осындай есептерде ықтималдықтың анықтамасын пайдалана алмаймыз. Ол үшін геометриялық ықтималдық ұғымын пайдалану керек. Сектордың ауданы шеңбер ауданының 12,5% құрайды. Демек оқтын секторға тию ықтималдығы:
p = 12,5/100 = 0,125
Немесе пайызбен алсақ 12,5%.
Геометриялық ықтималдық формуласы
Заттың белгілі бір аумаққа тию ықтималдығы осы аумақтың Sб ауданының жалпы Sж ауданның қатынасына тең:
p = Sб/Sж
Негізі ауданнан бөлек ұзындық, көлем сияқты ұғымдар да пайдалана алады. Мысалы оқ [0; 10] арасына тиді делік. Оның [0; 4] интервалына түсу ықтималдығы қандай:
Ол үшін интервал ұзындықтарын есептейік:
Lт = 10 - 0 = 10
Lб = 4 - 0 = 4
Демек ізделген ықтималдық мына формула арқылы анықталады:
p = Lб/Lт = 4/10 = 0,4
Пайызбен алсақ ықтималдық 40% тең. Жаттығу ретінде нүктенің [4; 10] интервалына түсу ықтималдығын анықтаныз.