Ықтималдықтарды қосу теоремасы және формуласы

Екі A мен B оқиғасы бар болсын. Олардың қосындысының ықтималдығы қандай? Осы сұраққа ықтималдықтарды қосу теоремасы деген тұжырым жауап береді:

P(A + B) = P(A) + P(B), егер A*B = ∅

Демек екі A мен B оқиғалар қиылыспаса олардың қосындысының ықтималдығы оңай табылады. Мысалы ойын сүйегін бір рет лақтырдық. 1 не 5 ұпай болу ықтималдығы қанша?

P(1) = 1/6, P(5) = 1/6

P(1 не 5) = P(1) + P(5) = 1/6 + 1/6 = 2/6 = 1/3

Шынымен де. Ойын сүйегінде алты қыр бар: 1, 2, 3, 4, 5, 6. Осы алтауының екеуінің пайда болуы 2/6 = 1/3.

Графикалық түрде осы ережені былай көрсете аламыз:

Ықтималдықтарды қосу теоремасы

Егер екі A мен B оқиғалары қиылысса мынандай теорема орынды:

P(A+B) = P(A) + P(B) - P(AB)

Графикалық түрде осыны былай бейнеле аламыз:


Ықтималдық теориясы

Автор: Жандос Көксу

Сұрақ қою