Сегмент деген не? Сегмент деп математика ғылымында екі ұғымды атайды. Біріншісі алгебрада қолданылатын нақты сан жиыны. Екіншісі геометриядағы шеңбер бөлігі. Соларды жеке түсіндіріп берейік.
Алгебрадағы сегмент
Алгебра мен математикалық анализде сегмент деп екі ұшы енген интервалды атайды. Мысалы мынау сияқты:
[2; 10]
Осы сегмент деп екіге тең не одан кіші бірақ онға тең не одан үлкен емес сандар жиыны деп түсіндіріледі:
2 =< x =< 10
Геометриядағы сегмент
Геометрия ғылымында сегмент деп хорда мен шеңбермен шектелген фигураны атайды:
Осы суретте сегмент және сектор белгіленген. Екеуін шатасып жүрмендер. Сектор шеңбер центрі арқылы өтеді. Ал сегмент өтуі де өтпеуі де мүмкін.