Прогрессиялар деп белгілі бір заңдылық бойынша құралған сандар тізбектерін атаймыз.
Мысалы 1, 2, 3, 4,…, сандар тізбегі прогрессияны құрайды, өйткені бұл сандар тізбегінің бірінші мүшесі- 1, екінші мүшесі- 2=1+1, үшінші мүшесі- 3=2+1, төртінші мүшесі- 4=3+1.
Сонымен бұл прогрессияның әрбір n мүшесі, n-1 мүшесіне бірді қосу арқылы аңықталады.
Бұндай прогрессияларды арифметикалық прогрессиялар деп атаймыз.
Яғни прогрессияның әрбір n мүшесі, n-1 мүшесіне белгілі бір санды қосу арқылы аңықталса.
1, 10, 100, 1000,… сандар тізбегі геометрикалық прогрессияны құрайды. Бұнда прогрессияның әрбір n мүшесі, n-1 мүшесін белгілі бір санға көбейту арқылы аңықталады.
Осы сайттың арифметикалық прогрессия және геометрикалық прогрессия беттерінде бұл прогрессиялар және аталған прогрессияларды құру ережелері толығымен зерттеледі.
Оған қоса прогрессия ұғымымен тығыз байланысы бар бірнеше ұғымдарды еңгіземіз.
Және бірнеше есептер мен жаттығуларды келтіреміз, Сізден оларды (есептер мен жаттығуларды) шешуді сұраймыз.
Өйткені өз бетімен есептерді шешпей математиканы біліп таңу мүмкін емес!