Сызықтық теңдеу мен оны шешу амалдары

Сызықтық теңдеу деп a·x+b=c типті теңдеуді атайды, мұндағы a,b,c тұрақты сандар ал x ізделінетің белгісіз.

Мысалы.

2x + 1 = 7

Бұндай теңдеуді былай шешеді:

2x + 1 = 7

2x = 7-1

2x = 6

x = 6/2

x = 3

Жаттығулар.

Мына сызықтық теңдеулерді өз бетімен шешіңіз:

a). x + 1 = 4 b). 2y -3 = 1

c). -z + 3 = 4 d). 5x -5=20

ax+b=c типті теңдеудің жалпы шешімі:

ax+b=c

ax=c-b

x=сызықты теңдеу шешімі

Тарихи мағлұмат.

Осыған ұқсас сызықтық теңдеулерді шешудің жалпы жолдарың, адамзат тарихында тұнғыш рет, шыққан тегі Орта Азиялық Әл-Хорезми ашқан. Әл-Хорезмидің еңбектері математиканың дамуына зор серпіліс, үдеу берген, бұны жоғары бағалаған кейінгі математиктер, оның ( Әл-Хорезмидің ) құрметіне математиканың бір саласың «Алгебра» деп атай бастаған.

Бұндай құрметке Әл-Хорезмиден кейінгі бірде-бір математик ( ғалым ) ие болған емес!

Мектептің алгебра курсы!

Автор: Жандос Көксу

Сұрақ қою